Жиі қойылатын сұрақтар

QANAT неге тиімдірек?

QANAT көмегімен сіз банкке қарағанда тезірек несие аласыз.
Сізге үлкен құжаттар пакеті, оның ішінде жұмысқа орналасу туралы анықтаманы, табысты құжаттық растауды және т.б. анықтамаларды жинау талап етілмейді.

Қарызды кім ала алады ?

Біз тұрақты табысы бар 21 жастан асқан ҚР-ның әрекетке қабілетті азаматтарына қарыз береміз.

Қарыз алу үшін қандай құжаттар қажет болады?

Несие алу үшін сізге жеке куәлік жеткілікті.

Қарыз алу үшін не істеу керек ?

Сізге жай ғана сайтта өтінім рәсімдеп, сауалнаманың барлық қажетті өрістерін толтыру керек. Сонымен қатар жеке басты куәландыратын құжаттың және қарызды аудару жоспарланып отырған банк картасының жанында өз бетіңіздің суретін қоса тіркеу қажет

Фото құжаттардың сапасына қойылатын талаптар

Фотосурет дұрыс жасалған, егер де: •Суреттегі деректер оқылатын болса; •Жарқырау мен дақтар жоқ болса; •Саусақпен жабылмаған фото және басқа ақпарат жабылмаған болмаса; •Құжаттың сериясы мен нөмірі көрінетін болса.

Егер 10 минут ішінде коды бар SMS келмесе не істеу керек?

Кодты қайта алу' опциясын пайдалану керек. Қайта проблема туындаған жағдайда өзіңіздің байланыс деректеріңізді көрсете отырып, біздің электрондық поштамызға help@qanat.kz жазыңыз немесе мына телефондарға қоңырау шалыңыз: +7 700 129 59 59

IBAN шот дегеніміз не және оны қайдан алуға болады?

IBAN шот - бұл ISO 13616 халықаралық стандартына сәйкес тағайындалған банктегі немесе басқа қаржы мекемесіндегі клиенттің банктік шотының нөмірі. Ол әлемнің 45-тен астам елінде қолданылады. IBAN (International Bank Account Number) - Халықаралық стандарттау ұйымы және Еуропалық банк стандарттары комитеті әзірлеген банктік шот нөмірінің халықаралық стандарты.
Сонымен, IBAN шот - бұл ақша алушының халықаралық шот нөмірі және оны IBAN коды (IBAN code) деп те атайды.
IBAN шот енгізудің мақсаты төлемдерді автоматты түрде өңдеуді жақсарту, қате төлемдер санын және тергеу уақытын қысқарту, халықаралық төлемдерді өңдеуді жеделдету болып табылады. Халықаралық стандарттарға көшудің Қазақстанның әлемдік экономикаға кірігуінің қазіргі жағдайында да зор маңызы бар. 2010 жылдың 7 маусымынан бастап Қазақстандағы барлық жаңа банктік шоттар IBAN стандартында ашылған.
ҚР IBAN шот форматы: KZCC БББХ ХХХХ ХХХХ ХХХХ

1. Бірінші бөлім 2 KZ символынан тұрады – Қазақстанның тұрақты коды;
2. Екінші бөлім 2 символдан тұрады - бақылау разряды;
3. Үшінші бөлім 3 саннан тұрады – Ұлттық Банк беретін банк коды;
4. Төртінші бөлім 13 таңбадан тұрады – клиент шотының банкішілік нөмірі.

Көруді қабылдауды жеңілдету мақсатында шот нөмірін әрбір төрт белгі арқылы бөліп, қағаз тасымалдағышта көрсетуге рұқсат етіледі: KZCC БББХ ХХХХ ХХХХ ХХХХ
Алайда, электрондық нысандағы төлем және өзге де құжаттарды толтыру кезінде банк шотының нөмірі бос орынсыз енгізілуі тиіс. Сондай-ақ, бұл жағдайда банктік шот нөмірінің алдында ешқандай қысқартулар қосылмайды (мысалы, IBAN, А/C, Account No және т.б.).
Сонымен, қарапайым сөзбен айтқанда, бұл шот нөмірі, оған шағын несие мақұлданған жағдайда шағын несие беру туралы шарт бойынша ақша қаражаты аударылатын болады.

IBAN-ды қайдан алуға болады?
Кез келген екінші деңгейлі банкте 5-15 минут ішінде IBAN шот алуға болады.
Бұдан басқа, IBAN-ды "Казкомерцбанк" АҚ және "Қазақстан Халық банкі"АҚ банкоматтарынан алуға болады.
Өзіңіздің IBAN шотыңыздың нөмірін интернет банкингте, сіздің банкіңізде де көруге болады. Мысалы: Homebank немесе ATF24 және т. б.

Мен банктік деректемелерді дұрыс көрсетпедім.

Банктік шот иесінің аты-жөні біздің сайттағы профильдегі аты-жөнімен сәйкес келуі керек, әйтпесе қаражат көрсетілген шотқа аударылмайды. Егер өтінім дұрыс емес деректемелермен мақұлданса, онда қаражатты сіздің банкіңіз 1-14 күн өткеннен кейін қайтарады, содан кейін біз қарызды қосымша іздестіру амалдарынсыз жабамыз және Сіз дұрыс деректемелермен жаңа өтінім бере аласыз.

Мен қандай қарыз сомасын ала аламын?

Клиенттерге 127 500 теңгеге дейінгі сомаға қарыздар қолжетімді.

Мен қарыз алу мақсатын көрсетуім керек пе?

Жоқ, бұл қажет емес. QANAT кез келген қажеттіліктерге қарыз береді. Сіз қарыз сомасын өз қалауыңыз бойынша жұмсай аласыз.

Қарыз алған кезде қандай да бір кепіл беруім керек пе?

Жоқ, Qanat-пен қарыздар кепілсіз беріледі.

Мен қай уақытта өтінім жіберіп, ақша ала аламын?

Сіз қарыз алуға өтінімді кез келген уақытта жібере аласыз, бірақ өтінім жұмыс уақыты шеңберінде қаралатын болады.

Менің өтінішім мақұлданды, ал ақша қашан түседі?

Сіз қарыз шартына қол қойғаннан кейін, өтінімде көрсетілген сома 1 банктік күн ішінде жіберіледі.

Ақша шотқа аударылмады, қате неде?

Қаражатты банктік шотқа (картаға) аудару сіздің банкіңіздің жұмыс жылдамдығына байланысты 1 тәуліктен 3 тәулікке дейінгі банктік жұмыс уақытында жүзеге асырылады. Сондай-ақ, сіз офертада (келісімде) көрсетілген деректемелердің дұрыстығын тексере аласыз.

Алынған шағын несиеден қалай бас тартуға болады?

Егер ақша сізге жіберілген болса, онда несиеден бас тартуға болмайды. Қаражатты алғаннан кейін сіз қарыз бойынша мерзімінен бұрын өтей аласыз.

Қай қалада қарыз алуға болады?

QANAT өз қызметін Қазақстан Республикасының барлық аумағында жүзеге асырады.

Мен қарыз сомасын кез келген валютада ала аламын ба?

Жоқ, қарыздар тек ұлттық валютада беріледі.

Несие тарихы «нашар» болған жағдайда қарыз алуға бола ма?

Иә, бірқатар клиенттер несие тарихын түзету мақсатында компанияға жүгінеді. Қарыз алушы үшін ең бастысы - компания талаптарына сәйкестік және қарызды уақтылы өтеу.

Қарызды қайда және қандай тәсілмен өтей аламын?

"Қарызды сіз мынадай жолдар арқылы төлей аласыз:
• QIWI, Kassa24 терминалдарында қолма-қол ақшамен;
• банктік аударым;
• төлем картасымен.
Қарызды өтеу ережелеріне сәйкес клиент соманы кез-келген уақытта ішінара немесе толық төлей алады.

Мен төлем жасадым, бірақ төлем түспеді.

Өзіңіздің ТАӘ және төлем чегінің сканерленген фотосуретін электрондық поштаға - help@qanat.kz жіберу қажет. Біз осы мәселені шешу үшін сізбен хабарласамыз.

Микрокредитті уақытында төлей алмасам не болады?

Егер шағын несие бойынша төлемді уақтылы төлей алмасаңыз, қарызды реттеу туралы қаржылық кеңесшіңізге хабарласыңыз. Әрбір кешіктірілген күн үшін сізге күніне 0,5% мөлшерінде шағын несие бойынша сыйақы алынады.